Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның әкесі әрі бапкері Қанат Жолдасбаев балуанның Бішкектегі Азия біріншілігіне неге бармағанын түсіндірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Биылғы Азия чемпионатына барғанымыз жоқ. Өйткені, Азияға іріктеу саналатын былтырғы кубоктық додаға қатыспадық. Сондықтан, сол кубокты әділетті түрде жеңген жігіттің жолын байламайық деп шештік.
Былтырғы кубок қарсаңында Ризабек Ислам ойындарына қатысты. Арада екі-ақ апта уақыт бар еді, сондықтан, ел кубогында дайындалып, салмақ қуып үлгермейтін едік. Азия чемпионатына қатыспағанамызға еш өкініш жоқ», — деді Қанат Жолдасбаев.
Айта кетелік, Бішкектегі Азия біріншілігінде Ризабектің 97 келідегі мықты қарсыластары түгел жиналған болатын. Атап айтар болсақ, бұл сында жапониялық Араш Йошида чемпион атанса, ирандық Амир Али Азарпира күміс, Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов қола медаль иеленді.
