IBO, WBF және WIBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Ангелина Лукас үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбаймен арадағы бұрынғы жанжал туралы еске алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бес жыл бұрын Лукас ұлттық құрамадағы әріптесі Назым Қызайбайды өзіне қарсы буллинг ұйымдастырды, түрлі астыртын әрекеттер жасап, коалиция құрды деп айыптаған болатын.
«Мен финалға дейін жетіп, жүлде алып жүрдім. Ал Назым Қызайбай дәл сол турнирде медаль ала алмады. Арамыздағы бәсекелестік өте қатты болды. Сөйтіп, мені шеттетіп жіберді деуге болады. Себебі оған басқалар кедергі
келтірмесін деді», — дейді Ангелина Лукас.
Лукастың айтуынша, ол ұлттық құрамадан кетуге мәжбүр болып, мансабын өз күшімен жалғастырған.
Бұған дейін Ангелина Лукас екі мың жиырма төртінші жылдың сәуір айында Астанада өткен турнирде Қазақстан құрамасы сапынан «шеттетілгенін» мәлімдеген еді.
Сондай-ақ, боксшы трансгендер спортшымен жұдырықтасқанын және сол сәтте Қазақстан бокс федерациясы өзіне қолдау көрсетпегенін де айтқан болатын.
