Әбдісалан (Әбдісалам) Нұрмаханов — қазақ боксының аңызы. Ол ауыр салмақтағы қазақ боксшыларының ішінен шыққан алғашқы үздіктердің бірі. Өзбекстанның Шоршы ауданында дүниеге келген, кейіннен тарихи отанына оралған. Тәуелсіз Қазақстанның бокс мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі.
Ердос Үсенұлы Жаңабергенов боксшы — Өзбекстанның Ходжейлі мекенінде туып-өскен. 2001 жылы отбасымен Қазақстанға Ақтау қаласына көшіп келген. 2005 жылы Қытайдың Мяньян қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. 2011 жылы әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
Әділбек Ниязымбетов боксшы — Нүкіс қаласында дүниеге келген. Кейін Ақтау қаласына қоныс аударған. Лондон және Рио олимпиадаларының күміс жүлдегері. 2011 және 2013 жылдары әлем чемпионаттарында күміс алған. Инчхондағы Азия ойындарының чемпионы. Сонымен қатар, Азия чемпионы. Құрмет, Барыс ордендерінің және Дарын жастар сыйлығының иегері.
Асқар Нарқұлов — дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спортшы. Ол Өзбекстанда дүниеге келіп, кейін тарихи отаны Қазақстанға оралған. Жазғы Универсиада және Grand Slam турнирлерінің қола жүлдегері.
Дәулет Нарметов гимнаст — Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас аймағында дүниеге келген. Ол — гимнастикалық ат жаттығуы бойынша Қазақстан атынан әлем кубогының финалына шыққан және халықаралық жарыста алтын алған алғашқы спортшы.
