Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турнирінде бақ сынайды. Бұл оның Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми халықаралық жарысы болмақ, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта белдесетін қазақстандық дзюдошының басты қарсыластарының қатарында Франция өкілі Ромен Валадье-Пикар мен Израильдің жас таланты Ицхак Ашпиц бар.
Валадье-Пикар — 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болса, Ашпиц 2026 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при турнирі
26-28 маусым күндері өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Елдос Сметовтың жарысқа қатысатынын ресми түрде растады.
