Өзбекстан құрамасы Нидерландпен өтетін жолдастық матч алдында қатаң тексерістен өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Нью-Йорктегі стадионға кірер алдында Өзбекстан делегациясы күшейтілген қауіпсіздік бақылауынан өтті. Команда мүшелерін қауіпсіздік қызметкерлері арнайы K9 қызметтік иттерімен бірге тексерген.
Айта кетейік, бұл матчта Нидерланд құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Есепті 32-минутта пенальтиден Коди Гакпо ашты. Кездесу соңында өзбекстандық Игорь Сергеев таразы басын теңестіргенімен, 98 минутта
Гакпо тағы бір пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.
