Венгрияның Дебрецен қаласында өткен жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы алаң иелеріне 1:3 есебімен есе жіберді, деп жазады Sportbugin.kz.
Матчтағы есепті қазақстандықтар ашты. Кездесудің 9-минутында Сергей Малый мергендік танытып, ұлттық құраманы алға шығарған болатын. Алайда кейін венгриялық футболшылар таразы басын өз пайдасына аударып, үш мәрте гол соқты.
Ойынның 63-минутында Қазақстан құрамасы сапынан Максим Самородов қызыл қағаз алып, команда матчтың қалған бөлігін бір ойыншыға кем өткізді. Сондай-ақ кездесуде отандастарымыз жалпы саны алты сары қағаз алды.
Осылайша, Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жолдастық матчта Венгрияға 1:3 есебімен жол берді.
