Қазақстан конькимен жүгіру спорты тарихында алғаш рет еліміздің өкілдері Халықаралық конькишілер одағының ISU техникалық комитетінің құрамына сайлануға үміткер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
ISU Short Track Technical Committee құрамына қазақстандық спорт менеджері Олжас Бесбаев ұсынылса, ISU Speed Skating Technical Committee құрамына Сергей Авдеев кандидат ретінде тіркелді.
Екі үміткер де іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен. Қорытынды дауыс беруге әлемнің 100-ден астам ұлттық федерациясы қатысады.
Егер сайлауда жеңіске жетсе, қазақстандық мамандар халықаралық коньки спортының дамуына үлес қосатын техникалық комитеттердің құрамында жұмыс істейтін болады.
