Қазақстан дзюдосының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Жапонияда өтетін Азия ойындарында ел намысын қорғауы мүмкін, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Сметов қазіргі таңда белсенді түрде жаттығып, өз бабына келу жолында жұмыс істеп жатыр.
«Елдос қарқынды дайындық жүргізуде және оңтайлы спорттық формасына жақындап келеді. Егер ол Grand Slam және Grand Prix жарыстарында сәтті өнер көрсетсе, Азия ойындарына баратын ұлттық құраманың қатарына қосылуға мүмкіндігі бар», — деді министр.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында бұл салмақта бәсекелестік жоғары.
Сондықтан Жапонияда өтетін құрлық додасында Қазақстан атынан кімнің сынға түсетіні алдағы халықаралық жарыстардың нәтижесіне байланысты болмақ.
