Боксшы Ертуған Зейнуллинов Қытайда өтетін Әлем кубогына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Бірлескен оқу-жаттығу жиыны жақсы деңгейде өтіп жатыр. Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан елдерінің боксшыларымен бірге дайындық жасаудамыз. Спаррингтер бәріміз үшін үлкен тәжірибе болып жатыр.
Алдағы маңызды жарыс — Қазақстан чемпионаты. Қазірден бастап соған дайындалып жатырмыз.
65 келі салмақта ел ішінде бәсекелестік өте жоғары. Бұл салмақта қарсыластар көп, сондықтан шын мықты спортшы жеңіске жетеді деп ойлаймын.
Ал Қытайда өтетін Әлем кубогына мен қатыспаймын. Бұл жарысқа басқа спортшы барады», — деді Ертуған Зейнуллинов.
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда өтетін Азия ойындарының бағдарламасынан Ертуған Зейнуллинов өнер көрсететін 65 келі салмақ дәрежесі алынып тасталған болатын.
