Қазақстандық шорт-трекдші Полина Омельчук «Гангвон-2024» жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 1000 метр қашықтықта үшінші үздік нәтиже көрсетті. Оның аяқталу уақыты 1:41,600 болды.
Қытайлық Цзинцзы Ли топ жарды. Оның отандасы Цзиньчжу Ян күміс медальді жеңіп алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін алтын жүлдені шаңғышы Илья Мизерных жеңіп алған болатын.