Отандық теннисші Александр Бублик әлеуметтік желідегі жазбасымен жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды, деп жазады Sportbugin.kz.
Теннисші өзінің Telegram арнасында оқырмандарын Ресей күнімен құттықтап, қысқа ғана: «Ресей күні құтты болсын!» деп жазды.
Бұл жазба желі қолданушылары тарапынан екіұшты қабылданды. Жазба астында көптеген жағымсыз пікірлер мен реакциялар қалдырылған.
Айта кетейік, Александр Бублик Ресейдің Ленинград облысындағы Гатчина қаласында дүниеге келген. Бұрын Ресей намысын қорғаған ол 2017 жылдан бері Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатысып келеді.
