Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Неймар әлем чемпионатындағы Мароккоға қарсы алғашқы матчқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Неймар мүмкіндігінше тезірек қалпына келу үшін бар күшін салып жатыр. Оның келесі аптада толық жазылып, командаға қосылуы күтілуде. Біз Неймарды құрамға тек жоғары техникалық шеберлігі үшін ғана емес, тәжірибесі мен жас ойыншыларға үлгі бола алатын қасиеті үшін де шақырдық», — деді Анчелотти.
34 жастағы шабуылшы балтыр бұлшықетінің жарақатынан кейін оңалу кезеңін жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, Бразилия мен Марокко арасындағы матч бүгін түнде өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 03:00-де басталады.
