Филиппинде өтіп жатқан Азия кубогының жартылай финалында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жартылай финалда қазақстандық волейболшылар Тайпей құрамасына 3:0 есебімен жол берді.
Осылайша, ұлттық құрама турнирдің финалына шыға алмады. Енді 14 маусым күні қола жүлде үшін Оңтүстік Корея немесе Вьетнам командаларының бірімен кездеседі.
Айта кетейік, ұлттық құрама топтық кезеңде барлық бес матчта жеңіске жетіп, плей-оффқа бірінші орынмен шыққан еді.
