Отандық төрешілер Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай Жапонияда өтетін Азия ойындарына шақырту алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы Игорь Лигай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, былай деп жазды:
«Өз елімізді ХХ Азия ойындарында таныстыру — үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Біз үшін бұл Азиядағы ең ірі спорттық додалардың бірінде халықаралық төреші ретінде Қазақстанның атын танытуға зор мүмкіндік. Сенім мен қолдау үшін алғыс білдіреміз», — деді.
Айта кетейік, қос төреші бұған дейін Париж Олимпиадасында да қазылық еткен болатын.
