Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалындағы күтпеген жеңілістен кейін Instagram парақшасын өшіріп тастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Рыбакина турнирдің 1/4 финалында Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерне үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жол берді.
Матч аяқталғаннан кейін көп ұзамай қазақстандық теннисшінің Instagram-дағы ресми парақшасы қолжетімсіз болып қалған.
Әзірге Елена Рыбакина әлеуметтік желідегі аккаунтын не себепті өшіргені жөнінде ресми түсініктеме берген жоқ. Теннисшінің бұл әрекеті жанкүйерлер арасында түрлі болжамдар тудырды.
