Австралия құрамасы әлем чемпионатының алғашқы матчында Түркияны 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ойынның 27-минутында Нестори Иранкунда есеп ашса, 75-минутта жартылай қорғаушы Коннор Меткалф айып алаңы сыртынан дәл соққы жасап, австралиялықтардың екінші голын соқты.
Екінші таймда Түркия құрамасы ойын тізгінін қолға алып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Осылайша Австралия турнирді жеңіспен бастап, D тобында үш ұпай еншіледі. Бұған дейін топтағы тағы бір ойында АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен жеңген болатын.
