Ризабек Айтмұхан RAF лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық балуан жартылай ауыр салмақ дәрежесінде америкалық Хайден Зиллмермен белдесті.
Үш кезеңге созылған тартысты кездесуде Айтмұхан 6:4 есебімен басым түсіп, RAF лигасындағы алғашқы жеңісін тіркеді.
Айта кетейік, Ризабек осы жылдың сәуір айында аталған лигада дебют жасап, бірден чемпиондық белбеу үшін күрескен болатын. Алайда шешуші белдесуде америкалық Кайл Снайдерге есе жіберген еді.
