Бразилия мен Марокко құрамалары жеңімпазды анықтай алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
С тобындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталып, командалар бір ұпайдан еншіледі.
Матчтың 21-минутында марокколық жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари есеп ашты. Ал 32-минутта бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор алыстағы бұрышқа дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді. Осылайша, екі команда да бір ұпайдан еншіледі.
Айта кетейік, С тобында Шотландия мен Гаити құрамалары да өнер көрсетеді.
