Қытайда өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ел қоржынына алтын жүлдені Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова салды.
U17 жас санатында сынға түскен Рамазан Айнегов «суперспринт» дисциплинасында 00:25:49 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші жетіп, Азия чемпионы атанды.
Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.
