Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңін Санатәлі Төлтаев жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы 1/16 финалда Әзербайжан өкілі Малик Хасановпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қос спортшы тартысты айқас көрсетті. Алайда екінші раундта Хасанов қабағынан жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша төрешілер жеңісті Санатәлі Төлтаевқа беріп, отандасымыз келесі кезеңге жолдама алды.
