Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңін Абылайхан Жүсіпов сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуін бразилиялық Кайан Рейеске қарсы өткізді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық былғары қолғап шебері айқын басымдық танытып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ.
Нәтижесінде төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
