Ризабек Айтмұхан америкалық RAF лигасындағы келесі қарсыласына сес көрсетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз өзінің инстаграм парақшасында АҚШ-та өткен RAF 10 турниріндегі белдесуінен суреттер жариялап, лигаға арнайы үндеу жолдады.
«Мен ашпын. Ізденістемін. Келесі қарсыласым кім?» — деп жазды Ризабек RAF лигасының ресми аккаунтын белгілеп.
Еске салайық, 14 маусым күні өткен RAF 10 турнирінде Айтмұхан америкалық Хейден Зиллмерді 6:4 есебімен жеңген болатын.
Ризабек Айтмұхан RAF лигасындағы дебютін 2026 жылдың сәуір айында өткізді. Ол алғашқы кездесуінде Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесіп, 6:12 есебімен жеңіліс тапқан еді.
