Әлем кубогындағы Нұрбек Оралбайдың жеңілісі 90 келі салмақтағы ұлттық құраманың болашағына қатысты сұрақтарды көбейтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандық спорт журналисі Аян Төлеген әлеуметтік желіде бұл салмақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Енді бізді Азиадада бұл салмақта кім жұдырықтасады деген сұрақ алаңдатуы керек. Ойындардың басталуына небәрі үш ай ғана қалды. Бапкерлер штабының да бас қатыратын мәселесі көбейді», — деп жазды журналист.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Әлем кубогының ширек финалында 2025 жылғы әлем чемпионы Тұрабек Хабибуллаевтан жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған болатын.
