Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Серік Теміржанов жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ боксшысы Салим Еллис Беймен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан америкалық боксшыға берді. Осылайша, Теміржанов Әлем кубогын аяқтады.
Айта кетейік, бұл Қазақстан ерлер құрамасынан жарыс жолынан шыққан үшінші боксшы. Бұған дейін Тимур Қабдеш пен Нұрбек Оралбай да жарыс жолынан шығып қалған болатын.
