Астанада ересектер мен жастар арасындағы Altaic Taekwondo Championships турнирі өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
22-23 маусым күндері Алтай таеквондо одағының тарихындағы алғашқы чемпионатқа өңірдің үздік спортшылары қатысып, әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайларды сарапқа салады.
Жарыс Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) G-1 санатына енгізілген.
Сондықтан турнир нәтижелері халықаралық рейтингке әсер етіп, спортшыларға әлемдік дода алдындағы позицияларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Алтай таеквондо одағы 2025 жылы Қытайдың Уси қаласында өткен әлем чемпионаты кезінде құрылған болатын. Ұйым Алтай өңіріне кіретін он елдің ұлттық федерацияларының бастамасымен құрылып, өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен халықаралық жарыстар ұйымдастыруды мақсат етеді.
Ұйымға мүше федерациялардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Алтай таеквондо одағының алғашқы президенті болып Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының басшысы Құдырет Шәмиев сайланған.
