Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан боксшысы Анваржан Ходжиевпен кездесті.
Қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жек барысында айқын басымдық танытып, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қолдауына ие болды. Есеп — 5:0.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.
