Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасынан жартылай финалда шаршы алаңға көтерілген сегіз боксшының бесеуі финалға жолдама алды.
Күндізгі сессияда Назым Қызайбай, Виктория Графеева және Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды.
Кешкі сессияда шаршы алаңға көтерілген Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай қарсыластарын нокдаунға жіберіп, өз салмақтарындағы басты фавориттердің бірі екенін дәлелдеді.
Ал Валерия Аксенова, Дина Исламбекова және Аида Әбікеева жартылай финалдық кезеңде жеңіліс тауып, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Осылайша, Әлем кубогының финалына бес боксшымыз шықты. Финалдықжекпе-жектер 21 маусым күні өтеді.
