Астанада таеквондодан өткен Алтай Одағы чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың соңғы күнінде жастар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық таеквондошылар бұл бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп, қоржынға 5 алтын,
8 күміс және 17 қола медаль салды.
Чемпионаттың алғашқы күні ересектер құрамасы 4 алтын, 6 күміс және 8 қола жүлде иеленген болатын. Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы Алтай Одағы чемпионатын жалпы 48 медальмен аяқтады.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды 10 алтынмен Түркия құрамасы иеленсе, Ресей құрамасы 8 алтын жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.
