Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінің аса ауыр салмақтағы жеңімпазы Айбек Оралбай сыңары Нұрбек Оралбайдың сәтсіздігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Нұрбек қазір жаңа салмақ дәрежесіне ауысып жатыр. Бұл — оның жаңа салмақтағы алғашқы жарысы. Осы турнирде ол 90 келіге дейінгі салмақтағы әлемнің ең мықты және бірінші нөмірлі боксшысымен кездесті. Жекпе-жек 3:2 есебімен аяқталды. Бірақ келесі жолы кеткен есесін қайтарады деп ойлаймын.
Он келі салмақ қосып, жаңа санатқа бейімделу оңай емес. Бұйырса, алдағы жарыстарда бұдан да мықты өнер көрсетеді деп сенемін», — деді Айбек Insports.kz порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Әлем кубогының ширек финалында өзбекстандық боксшы Тұрабек Хабибуллаевқа есе жіберген болатын.
