Өзбекстан — Португалия матчы қарсаңында Хьюстонда жанкүйерлер үшін өзбек палауы тегін таратылады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Іс-шараға Өзбекстан құрамасының мыңдаған жанкүйері мен қала қонақтарының жиналуы күтілуде.
Футбол жанкүйерлеріне өзбек халқының ұлттық тағамдарының бірі әрі қонақжайлықтың символы саналатын палау ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама маңызды футбол ойыны алдында мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, түрлі елден келген жанкүйерлердің басын қосуға мүмкіндік береді.
Америкалық CW39 телеарнасының мәліметінше, шара жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де Helix Park саябағында ұйымдастырылады.
