Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC Fight Night 280 турнирінде ұйым тарихындағы ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бакуде өткен жекпе-жектің үшінші раундында Алмабаев қарсыласын сирек кездесетін «Сулоев созылмасы» (Suloev Stretch) әдісімен берілуге мәжбүр етті.
Осылайша, ол UFC тарихында бұл тәсілмен жеңіске жеткен төртінші спортшы атанды.
Сондай-ақ, қазақстандық файтер жарқын өнері үшін турнирдің «Кештің үздік көрсетілімі» бонусына ие болып, 100 мың доллар көлемінде сыйақы алды.
