Қазақстанның U15 құрамасы Азия чемпионатында тоғыз медаль еншіледі, деп жазады Sportbugin.kz.
Таиландта өтіп жатқан күрестен U15 Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес құрамасы тоғыз медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Ұлттық құрама қоржынына бір алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде түсті. Чемпион атанған Мирас Әбдікәрім (41 кг) финалда өзбекстандық Асомиддин Бадритдиновты 5:2 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің алтын медалін иеленді.
Күміс жүлдегерлер қатарында Бектөре Заманбек (44 кг), Әмір Серік (48 кг), Наиль Зейналов (68 кг) және Ерсұлтан Сүлеймен (75 кг) бар.
Ал қола медальдарды Дамир Салават (38 кг), Бибарыс Түзелбаев (57 кг), Мадияр Әбдікәрімов (52 кг) және Зелимхан Цицкиев (85 кг) жеңіп алды.
Айта кетейік, U15 және U20 жас санатындағы Азия чемпионаты 5 шілдеге дейін жалғасады.
