Бокстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында үндеу жасады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Олимпиада чемпионы ешқандай қысымға мойымайтынын айтып, басты мақсаты қазақ боксын дамыту екенін жеткізді.
«Сынбаймын ғой. Сындыра алмайсыңдар! Ешқашан да байланыстарыңмен, телефонмен, арандатумен қорқыта алмайсыңдар. Мен жүрген жерде тек тәртіп, дисциплина және әділдік болады. Мен ештеңе сұраған емеспін, бар өтінішім — жұмыс істеуге кедергі жасамаңдар. Маған кедергі жасау — қазақ боксына кедергі жасау. Менің интрига мен арандатуға уақытым жоқ, алдымызда жауапты бәсекелер тұр. Кейбіреулерге ескерту!» — деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы бірер күнде Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия чемпионатына аттанады.
