Өзбекстанды әлем чемпионатына шығарған бапкер ащы шындықты айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Өзбекстанды тарихи әлем чемпионатына алып шыққан бапкер Тимур Кападзе болғанымен, турнир алдында команда тізгіні италиялық маман Фабио Каннавароға тапсырылды.
Алайда 2006 жылғы әлем чемпионы әрі «Алтын доп» иегері командамен бірге мундиальда сәтті өнер көрсете алмады. Өзбекстан құрамасы топтық кезеңде үш матчта да жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, Каннаваро мен оның бапкерлер штабының жылдық жалақысы шамамен 4 миллион еуроны құраған. Дегенмен Өзбекстан футбол қауымдастығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, нақты жалақы көлемі бұдан әлдеқайда төмен екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, Фабио Каннаваро — Италия құрамасын 2006 жылы әлем чемпиондығына жеткізген капитан, сол жылы «Алтын доп» иегері атанған санаулы қорғаушылардың бірі. Ол Өзбекстан құрамасын 2025 жылдың қазан айынан бастап жаттықтырды.
