Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қазақ жеңіл атлетикасының ардагері Әмен Тұяқов, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов қатысты.
Ғұсман Қосановтың құрметіне арналған дәстүрлі турнир биыл 35-рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысуда.
Турнирдің алғашқы жарыс күнінде спортшылар бірнеше дисциплина бойынша финалдық бәсекелерде сынға түсті. Ертең, 1 шілде күні, XXXV Qosanov Memorial турнирінің екінші жарыс күні өтеді.
