Шымкенттік Ақбілек Құралбай Qosanov Memorial халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Шымкент қаласында өткен XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы 5000 метр қашықтыққа жүгіруден алтын медаль жеңіп алды.
Ақбілек 17:26,10 нәтижемен мәреге бірінші болып жетіп, турнир чемпионы атанды.
Аталған сайыста жүлделі үшінші орынды да қазақстандық спортшы иеленді. Өзбекстандық Садафбану Нусратуллоевна 17:30,69 нәтижесімен екінші орын алса, тағы бір отандасымыз Арина Гладышева 17:42,91 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Qosanov Memorial турнирі Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтіп жатыр. World Athletics Continental Tour Bronze Level санатына кіретін халықаралық жарыс.
