Қазақстан құрамасының U23 Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты өтеді.
Құрлық біріншілігінде Қазақстанның U23 құрамасы ерлер және әйелдер арасында төмендегі спортшылармен сынға түседі.
U23 ерлер құрамасы:
50 келіге дейін — Нұрзат Оңғаров
55 келіге дейін — Бексұлтан Боранбек
60 келіге дейін — Нұрасыл Төлебек
65 келіге дейін — Асылхан Көшербай
70 келіге дейін -Нұрбек Мұрсал
75 келіге дейін — Аман Қонысбек
80 келіге дейін — Өнер Сейілхан
85 келіге дейін — Темірлан Мұқатаев
90 келіге дейін — Ибрагим Битаев
90 келіден жоғары – Аслан Елдібайұлы
U23 әйелдер құрамасы:
48 келіге дейін — Гүлназ Бөрібаева
51 келіге дейін — Анита Адишева
54 келіге дейін — Сымбат Әлиасқар
57 келіге дейін — Ұлжан Сәрсенбек
60 келіге дейін — Аяжан Ермек
65 келіге дейін — Аружан Жаңабаева
70 келіге дейін — Азиза Исина
75 келіге дейін — Шұғыла Нәлібай
80 келіге дейін — Құралай Егінбайқызы
80 келіден жоғары — Панар Сейітханқызы.
