Соңғы екі Олимпиада ойындарында қазақ боксшыларына финалға жету мұң болды. Ал бұған дейін қатарынан екі Олимпиаданың финалына шыққан отандық боксшылар барын ұмытып кеттік.
Болат Жұмаділов — мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылы Атланта Олимпиадасында 51 кг салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, кубалық боксшы Майкро Ромероға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Екі мыңыншы жылы Сидней Олимпиадасында да финалға дейін сүрінбей жетті. Финалда Тай елінің былғары қолғап шебері Вичан Понлидумен кездесіп, қарсыласқа төрешілер шешімімен жол берді.
Әділбек Ниязымбетов — Болат Жұмаділовтен кейін Олимпиада ойындарында қатарынан екі рет финалға шығып, екі күміс ұтқан Қазақстан тарихындағы екінші боксшы. Ол өзінің спорттық мансабында сексен бір келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, екі Олимпиада қатарынан финалға шықты. Екі мың он екінші жылы Лондон Олимпиадасында алғашқы күміс жүлдесін иеленді. Екі мың он алтыншы жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында финалда кубалық Хулио Сесар Ла Круспен кездесіп, тартысты жекпе-жекте екінші рет күміс медальді еншіледі.
