Бес қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте көш бастап тұр, деп жазады Sportbugin.kz.
World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасының бірқатар өкілдері өз салмақ дәрежелерінде көшбасшылық орындарын сақтап қалды.
Әлемдік рейтингтің бірінші сатысында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) тұр.
Екінші орынға Назым Қызайбай (48 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) жайғасты.
Сонымен қатар, Қытайда өткен Әлем кубогының екі кезеңінде де жеңімпаз атанған Виктория Графеева (60 келі) үздік үштікке енді. Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Нұрбек Оралбай (85 келі) рейтингтегі өз орындарын сақтап қалды.
