Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ауыр салмақ: Баходир Жалолов (Өзбекстан) 8-орыннан 7-орынға көтерілді, Виктор Выхрист (Украина) 10-орыннан 11-орынға төмендеді.
Бірінші орта салмақ: Исраил Мадримов (Өзбекстан) 6-орыннан 2-орынға көтерілді, Бахрам Муртазалиев (Ресей) 8-орыннан 4-орынға жоғарылады, Юрий Сакунц (Армения) 13-орыннан 14-орынға төмендеді.
Екінші жеңіл салмақ: Мұхаммад Шехов (Өзбекстан/Ресей) 8-орыннан 5-орынға жоғарылады; Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан) 10-орыннан 8-орынға көтерілді.
Айта кетейік, WBO-ның жаңартылған рейтингіндегі аталған өзгерістер арасында қазақстандық боксшылардың есімі жоқ.
