Волейболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчта ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бангкокта өтіп жатқан құрлық біріншілігінде қазақстандық волейболшылар қазіргі Азия чемпиондары саналатын Қытай құрамасымен кездесті.
Матч үш партияның қорытындысы бойынша 3:0 есебімен Қытайдың жеңісімен аяқталды.
Дегенмен, бұл жеңіліске қарамастан, Қазақстан құрамасы В тобында екінші орын алып, Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Енді отандастарымыз плей-офф кезеңінде жүлделі орындар үшін күресін жалғастырады.
