Теміртас Жүсіповке қатысты тараған мәліметтерге байланысты Ақмола облысының спорт басқармасы ресми пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Басқарма мәліметінше, отбасылық мәселелер азаматтардың жеке өміріне жатады және мұндай жағдайлар тек заң аясында қаралуы тиіс. Осыған байланысты барлық тексеру аяқталып, ресми процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қандай да бір қорытынды жасауға немесе расталмаған ақпарат таратуға болмайтыны атап өтілді.
Сондай-ақ басқарма жұртшылықты, БАҚ өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Бұдан бөлек, басқарма Теміртас Жүсіповтің спорттық мансабын ресми түрде аяқтағанын хабарлады.
Басқарма мәліметінше, осы уақытқа дейін спортшының мұндай жағдайларға қатысы болмаған және спорттық қызметі барысында өзін жауапты, тәртіпті әрі абыройлы азамат ретінде көрсете білген.
