Қазақстандық танымал боксшы Теміртас Жүсіповке қатысты қылмыстық іс тоқтатылмайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Боксшы Теміртас Жүсіповтің жұбайы күйеуін қылмыстық жауапкершілікке тартпауды сұрап, полицияға қарсы арыз жазған. Алайда бұл жағдайға қатысты қозғалған қылмыстық іс заң талаптарына сәйкес жалғасады.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, тараптардың татуласуына қарамастан, отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша тиісті процессуалдық шаралар қабылданады.
Қазіргі уақытта бұрынғы спортшыға қорғау нұсқамасы шығарылған.
Соған сәйкес, жұбайының жеке келісімінсіз онымен байланысуына және қарым-қатынас жасауына тыйым салынған.
Оқиға өткен жұма күні ерлі-зайыптылардың пәтерінде болған. Екі баланың анасы болған әйелдің соққыға жығылғаны туралы алғаш болып оның әпкесі мәлімдеген.
Әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов болған оқиғаны жоққа шығармаған. Ол қазіргі таңда жұбайымен ұзаққа созылған отбасылық дағдарысты бастан өткеріп жатқанын айтқан.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
