Анастасия Рыпакова Қазақстан қоржынына Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдені салды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қытайда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі (U23) жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Рыпакова ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Ұзындыққа секіруден өткен финалда қазақстандық спортшы 6,11 метр нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Алтын жүлдені Қытай өкілі Хуан Инъин иеленді. Ол финалда 6,48 метрге секіріп, чемпион атанды. Ал қола медаль Вьетнам спортшысы Ха Тхи Тхуй Хангқа бұйырды. Оның нәтижесі — 6,10 метр.
Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатыр. Құрлық біріншілігінде Азияның үздік жас атлеттері өзара мықтыны анықтауда.
