Индонезияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Темірлан Мұқатаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мұқатаев ширек финалда үндістандық Рокей Чаудхаримен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің 4:0 есебімен шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті.
Осылайша Темірлан жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады. Құрлық біріншілігіне Азияның бірнеше елінен жүздеген боксшы қатысуда.
