Аман Қонысбек Индонезияда өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Аман ширек финалда жапониялық Хибики Кавабатамен қолғап түйістірді. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында айқын басымдық танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді.
Нәтижесінде үшінші раундта төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңісті Аман Қонысбекке берді.
Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.
