Индонезияда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек ширек финалда Сауд Арабиясының өкілі Маджед әл-Хадж Иссамен қолғап түйістірді.
Тартысты өткен жекпе-жектің
қорытындысында төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша Нұрбек Мұрсал жартылай финалға шығып, өзіне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Айта кетейік, 2026 жылғы U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.
