Абдулрашид Садулаев пен Кайл Снайдер титулдық белдесу алдындағы соңғы көз түйістіру рәсімін өткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Қос балуан Тбилисиде өтетін Real American Freestyle турнирінде чемпиондық белбеу үшін күш сынасады. Снайдер өз титулын үшінші рет қорғамақ, ал Садулаев бұл лигадағы алғашқы белдесуін өткізеді.
Айта кетейік, Абдулрашид Садулаев пен Кайл Снайдер бозкілемде төрт рет кездесіп, олардың үшеуінде ресейлік балуан жеңіске жеткен.
