Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден алты елдің қатысуымен ұйымдастырылады, деп жазады Sportbugin.kz.
Турнирдің негізгі бөлігі Испания, Португалия және Мароккода өтеді.
Әлем чемпионатының 100 жылдығына орай Аргентина, Уругвай және Парагвайда да бір-бірден матч өткізу жоспарланған.
Бұл ойындар 1930 жылы алғашқы әлем чемпионаты өткен Оңтүстік Америка елдерінің турнир тарихындағы орнын атап өтуге арналған.
Сонымен қатар FIFA 2034 жылғы әлем чемпионатын Сауд Арабиясында өткізу туралы шешімді ресми түрде бекітті. Осылайша алдағы екі әлем біріншілігінің қабылдаушылары анықталды.
