Испания құрамасының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін елге оралды, деп жазады Sportbugin.kz.
Команда мінген ұшақ Мадридтегі Адольфо Суарес атындағы әуежайға қонды.
Испания құрамасы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны жеңді. Нью-Джерсидегі стадионда өткен кездесу қосымша уақытта 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 106-минутта Ферран Торрес соқты.
Осылайша, Испания құрамасы әлем чемпионатында екінші рет жеңімпаз атанды. Бұған дейін испандықтар 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатында топ жарған еді.
